"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) 23 тамыз күні Қазақстан қор биржасында өзінің 1,2 млрд KZP02Y07E081 (KZ2C00001816, TSBNb12) облигацияларын жылдық 9,5 %-бен орналастырды

23.08.12 17:48
/KASE, 23.08.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Сауда-саттық жүйесінде "Цеснабанк" АҚ (Астана). KZP02Y07E081 (KZ2C00001816, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb12; 1 теңге, 4,0 млрд теңге; 02.08.12 – 02.08.19, жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің 2011 жылдың 10 тамызында тіркелген, жалпы сомасы 100,0 млрд теңге, "Цеснабанк" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасының екінші шығарылым және аталмыш эмитенттің Биржада листинг процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының он екінші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "Цесна Капитал" АҚ (Астана) болды. Эмитент сауда-саттықта 1 500 000 000 (тіркелген осы шығарылым облигацияларының жалпы санынан 37,5 %) KZP02Y07E081 облигацияларын орналастыруды жоспарлаған. Сауда-саттық заты реті, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы қолданылады. Орналастыруға қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30-дан 15:00- ге дейін берілді. Сауда-саттықта тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – кесімді бағаға тең, өтінім бағасымен немесе сатушыға ең ұтымды бағамен. Есептесу сызбасы – Т+0. Сауда-саттыққа, өтінім беру кезеңі аяқталар сәтінде белсенді болып қалған, 1 455 090 000 облигация сатып алуға төрт өтінім берген, үш KASE мүшесі қатысты. Осылайша, сауда-саттық барысындағы сұраным ұсынымнан 97 % құрады. Берілген белсенді өтінімдердің "таза" бағалары 87,8812 % (жылдық 10,5 %) және 92,5000 % (жылдық 9,5 %) құрады, олардың орташа сараланған бағамы 92,0075 % (сатып алушы үшін өтеуіне жылдық 9,7 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлеміндегі зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне 79 % тиді, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесінде - 21 %. Саудаласу нәтижесі бойынша эмитент кесімді бағаны 92,4912 % деңгейінде белгіледі, бұл сатып алушы үшін өтеуіне кірістілігі жылдық 9,5 %-ға сәйкес келеді, және үш өтінімді қанағаттандырып, 1 155 090 000 облигацияны орналастырды. Бұл ретте, тарту сомасы 1 073 747 470,88 теңгені құрды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне қарай барлық мәмілелер орындалды.