ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) KZP04Y10C614 (KZ2C00001204, EUBNb7) облигациялары 2012 жылдың 21 қаңтарынан 20 шілдесіне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

23.08.12 15:57
/KASE, 23.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 17 тамызындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК 2012 жылдың 01 тамызындағы №54-002*18794 мәлімдемені ескере отырып, 2012 жылдың 21 қаңтарынан 20 шілдесіне дейінгі кезеңде "Еуразиялық банк" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы төртінші шығарылымның облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпаратына сәйкес, 2012 жылдың 20 шілдесіндегі жағдай бойынша аталмыш облигациялардың 15 956 600 данасы орналастырылған. Аталмыш (KZP04Y10C614, KZ2C00001204, EUBNb7; 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 21.01.09 – 21.01.19; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,00 %; 30/360) облигациялар KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді.