"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ-на "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Қазақстан) сукук "аль-Мурабаха" MYBVI1202859 (BRKZs1) исламдық облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді

22.08.12 12:11
/KASE, 22.08.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2012 жылдың 17 тамызындағы шешімімен "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ-на (Алматы) өтініші негізінде "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Астана) сукук "аль-Мурабаха" MYBVI1202859 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKZs1; 240,0 млн малайзиялық ринггит; 03.08.12 – 03.08.17, табыстылығы жылдық 5,50 %, actual/365) исламдық облигациялары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді. Маркет-мейкер үшін минималды міндетті баға белгілеулер көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленді.