"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің US00211MAA45 (XS0286908867, ATFBe6) облигациялары бойынша 11-ші купонын төлеуі туралы хабарлады
21.08.12 17:20
/KASE, 21.08.12/ – "АТФБанк" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 20 тамызында
өзінің US00211MAA45 (XS0286908867, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік
бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBe6)
облигациялары бойынша 11-ші купондық сыйақысын төлеуі туралы
Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы
13 726 167,50 АҚШ долларын құрады.