"АБДИ Компани" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y19C805 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигациялары бойынша 4-ші купондық төлем бойынша қарызын өтегені туралы хабарлады

21.08.12 17:02
/KASE, 21.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АБДИ Компани" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, өзінің KZ2C0Y19C805 (KZ2C00000743, KASE ресми тізімі, "буферлі санат" санаты, ABDIb1; 10 000 теңге, 9,0 млрд теңге; 08.01.08 – 08.01.13; инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, төртінші купондық кезеңге жылдық 8,80 %) облигациялары бойынша төртінші купондық сыйақыны төлемі бойынша қарызын өтегені туралы хабарлады. Хатында "АБДИ Компани" АҚ былай деп мәлімдеді: "АБДИ Компани" АҚ бірінші шығарылымы облигацияларының аңдатпасына (ҰСН KZ2C0Y19C805) сәйкес, 2012 жылдың 17 тамызында аталмыш облигацияларды ұстаушыларға – жеке тұлғаларға 2011 жылдың 08 қаңтарынан бастап 2012 жылдың 07 қаңтарына дейінгі кезеңге қоса алғанда купондық сыйақы төленді. Сыйақы толық көлемде, төлемді кешіктіргені үшін өсімпұлмен бірге төленді. Есептелген және төленген купондық сыйақының сомасы, өсімпұлды есепке алғанда 311 515 645,71 (үш жүз он бір миллион бес жүз он бес мың алты жүз қырық бес теңге 71 тиынды) құрады. Оның ішінде купондық сыйақының сомасы, өсімпұлды есепке алғанда 301 787 200,00 (үш жүз бір миллион жеті жүз сексен жеті мың екі жүз теңге 00 тиынды) құрады. Өсімпұл сомасы 9 728 445,71 (тоғыз миллион жеті жүз жиырма сегіз мың төрт жүз қырық бес теңге 71 тиынды) құрады. Бұрын осы тақырыпта жарияланған KASE жаңалықтары: - 2012 жылдың 24 сәуіріндегі "АБДИ Компани" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигациялары бойынша 4-ші купондық төлем бойынша қарызын ішінара өтегені туралы хабарлады" – http://www.kase.kz/kz/news/show/1165798 - 2012 жылдың 12 қаңтарындағы "АБДИ Компани" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигациялары бойынша 4-ші купонды төлеуін кідіртетіні туралы хабарлады" – http://www.kase.kz/kz/news/show/1160378 Облигациялары бойынша дефолтқа жол берген листингілік компаниялардың тізімі KASE веб-сайтында "Эмитенттер" бөлімінде ("дефолт"салымшасында) http://www.kase.kz/kz/emitters мекен-жайы бойынша жарияланған. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.