"АБДИ Компани" АҚ KZ2C0Y19C805 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылдың 03 тамызынан бастап 2013 жылдың 07 қаңтары аралығында жылдық 9,00 % тең

21.08.12 14:28
/KASE, 21.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "АБДИ Компани" АҚ (Алматы), Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: Осы хат жүзінде, "АБДИ Компани" АҚ ҰСН – KZ2C0Y05C804 (02.08.2012 ж. дейін), ҰСН – KZ2C0Y19C805 (03.08.2012 ж. бастап) купондық облигациялары бойынша бесінші купондық кезеңге 08.01.2012 ж. бастап 02.08.2012 ж. дейін сыйақы мөлшерлемесі шығарылымның талаптарына сәйкес, облигациялардың номиналды құнынан жылдық 8,4 % мөлшерінде бекітілгенін хабарлаймыз. Облигациялар шығарылымы аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар өкілетті органда тіркелуіне байланысты 03.08.2012 ж. бастап 07.01.2013 ж. дейін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9 % мөлшерінде бекітілді, оның ішіндегі 7 % төленеді, 2 % негізгі қарызға қорланады.