"АБДИ Компани" АҚ (Казахстан) KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигацияларының ҰСН туралы ақпарат өзгертілді

21.08.12 10:59
/KASE, 21.08.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2012 жылдың 20 тамызындағы шешімімен, "АБДИ Компани" АҚ (Алматы) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарды бақылау мен қадағалау комитеті 2012 жылдың 03 тамызында берген бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшрмесінің негізінде және "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 20 тамызындағы ресми хаты негізінде сауда-саттық жүйесінде және KASE мәліметтер базасында "АБДИ Компани" акционерлік қоғамының KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, ABDIb1; 10 000 теңге, 9,0 млрд теңге; 08.01.08 – 08.01.13, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,40 %; 30/360) облигацияларының ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН) KZ2C0Y19C805-ке ауыстырылды. Басқарманың осы шешімімен 2012 жылдың 21 тамызынан бастап аталмыш облигациялар "таза емес" (жинақталған сайыақысымен қоса) бағалармен сауда-саттық тәртібіне ауыстырылған. Бұл тақырып бойынша осының алдында 2012 жылдың 13 тамызындағы "ҚҰБ ҚҚК "АБДИ Компани" АҚ KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерді және толықтыруларды тіркеді" KASE жаңалығы http://www.kase.kz/kz/news/show/1172434 мекен-жайы бойынша жарияланған.