"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) Қазақстанда үш мұнай және газ кен орындарын сатып алу туралы келісім-шартқа қол қойғаны туралы хабарлады

20.08.12 16:40
/KASE, 20.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), бүгін Биржаға 2012 жылдың 20 тамызындағы ақпараттық хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Жайықмұнай" компаниясы (ЛҚБ тикері: ZKM), Қазақстанның солтүстік- батысында кәсіпшіліктері бар мұнайгаз барлау және өндіруші кәсіпорын, 2012 ж. 17 тамызында "Жайықмұнай" ЖШС Қазақстандағы үш жаңа мұнай жәіне газ кен орындарымен байланысты жер қойнауларын пайдалану құқықтарын 100 % сатып алу мақсатында активтерді сатып алу келісім- шартына қол қойғаны туралы хабарлады. Қазақстандағы тиісінше органдар, Мұнай және газ министрлігі және Антимонополиялық комитет мақұлдаса, оларды осы жылдың соңына дейін сатып алады. "Жайықмұнай" компаниясы қазіргі иелеріне үш кен орны үшін 16 миллион АҚШ доллары сомасые төлеуге келісті. Бұл кен орындары Орал қ. солтүстік- батысында Каспий маңы бассейнінде орналасқан. Үш лицензиялық кен орнының аумағы жалпы 139 шаршы шақырымды құрайды.