"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің шоғырланған қаржылық нәтижелерін жариялады

20.08.12 15:48
/KASE, 20.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), Биржаға 2012 жылдың 20 тамызындағы баспасөз-хабарламасын жіберіп, былай деп хабарлады. "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – "Банк") (Лондон қор биржасындағы тикері: HSBK) 2012 жылдың 30 маусымында аяқталған алты айдың аралық шоғырланған қаржылық нәтижелерін жариялайды. 2012 жылдың алты айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер - Таза табыс 49.8% өсіп, 31.6 млрд. теңгені құрады - Активтер 13,5 % өсті - 2011 ж. соңымен салыстырғанда клиенттерге берілген заемдар, нетто бұрынғы деңгейінде қалды деуге болады, және 2012 ж. 31 наурызымен салыстырғанда 3,2 % өсті - 2011 ж. соңымен салыстырғанда клиенттердің қаражаты 17,8 % өсті, және 2012 ж. 31 наурызымен салыстырғанда бұрынғы деңгейде қалды деуге болады - Самұрық-Қазына акцияларын сатып алу нәтижесінде, 2011 ж. соңымен салыстырғанда капитал 0,7 % төмендеді, және 2012 ж. 31 наурызымен салыстырғанда 7,0 % төмендеген - Құнсыздану қорларына ақша аударымы 59.3% төмендеді - Таза пайыздық табыс 61,1 % өсті - Қызметтер мен комиссия бойынша таза табыстар 6,8 % өсті - Операциялық шығындар 11.5% өсті - Таза пайыздық маржа жылдық 5.1 % дейін өсті (2011 ж. 6 айында жылдық 4,3 %) - Құнсыздану қорларына ақша аудармастан бұрын операциялық шығындар мен операциялық табыстардың қатынасы 35.1% құрады - Орташа меншікті капиталға қайтарым (RoAE) жылдық 17.8% дейін ұлғайды (2011 жылдың 6 айында жылдық 13.2%) - Орташа активтерге қайтарым (RoAA) жылдық 2.6% дейін ұлғайды (2011 жылдың 6 айында жылдық 1.9 %) Қаржылық шолу берілген осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасын KASE веб-сайтынан: - http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_200812.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_200812_eng.pdf – ағылшын тілінде осы мекен-жайлар бойынша көруге болады.