/KASE, 20.08.12, 09.08.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2012 жылдың 20 тамызынан бастап 18 қарашасынан бастап "Bank
RBK" Банкі" АҚ (Қазақстан) мемлекеттік акциялар пакеті (МАП) сату
бойынша сауда-саттықтар басталатыны туралы хабарлайды
Сауда-саттық бастамашысы – Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.
МАП сауда-саттығы бойынша өкілетті брокер – "CAIFC Investment
Group" АҚ (Алматы).
МАП, шығарылым Қазақстан Республикас Ұлттывқ Банкінің Қаржы
ұйымдарын және қаржы нарығын бақылау мен реттеу комитетімен
2011 жылдың 09 қарашасында А3545 нөмірі бойынша тіркеген,
7 000 KZ1C35450010 жай акциясынан тұрады.
Сауда-саттыққа шығарылатын, МАП "Bank RBK" Банкі" АҚ әр лотта
бір KZ1C35450010 акциясынан тұратын, 7000 лоттан тұрады. Сауда-
саттықтағы МАП NZ_INBN кодымен саудаланады.
МАП сауда-саттығы 2012 жылдың 20 тамызынан бастап
30 желтоқсанына дейін үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен, Алматы
уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін өткізіледі.
Кепілдік жарна әр лотқа 1 000 мың. теңге көлемінде белгіленген.
Сауда-саттыққа қатысу үшін әлеуетті сатып алушы, сауда-саттық басталар
алдында, KASE корреспонденттік шотына мынадай деректемелер бойынша:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операцияларды
есепке алу басқармасындағы # KZ86125KZT1001300137 корреспонденттік
шоты, БСК NBRK KZ KX, БИН 931240000220, СТН 600200049149, Кбе 15,
төлем мақсатының коды – 171 (GROSS-жүйесі бойынша).
Сатып алушылар МАП бағасын қазақстандық теңгемен әр бір акцияға
белгілеп, үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен
көрсетуі тиіс.
Сауда-саттық тәртібі "Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида" атты
KASE ішкі құжаты
http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf
мекенжайы бойынша KASE веб-сайтында жарияланған.
Сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесулер,
http://www.kase.kz/files/normative_base/gpa.pdf мекенжайы бойынша KASE
веб-сайтында жарияланған, "Мемлекеттік акциялар пакеті. Сауда-саттыққа
жіберу және сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу тәртібі" атты KASE
ішкі құжатының 7 бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталмыш құжатқа сәйкес мәміле сомасын, KASE комиссиялық сыйақысын
және алдында аударған (сауда-саттық басталап алдында МАП сатып
алушысы KASE корреспонденттік шотына аударылатын) кепілдік жарнасын
қоспағанда, МАП сатып алушысы "Орталық бағалы қағаздар
депозитарийі" АҚ (Алматы) мәміле жасалған күннен кейін жеті жұмыс
күн аралығында аударуы тиіс.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек KASE
қор нарығынының мүшелері ғана бере алады. Инвесторлар осы заңды
тұлғалар арқылы өтінімдерін береді. KASE қор нарығы мүшелерінің толық
тізімі KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайы
бойынша жарияланған.
Сауда-саттық бастамашысы инвесторлар үшін ешқандай шектеулер
қоймайды, демек, акцияларды сауда-саттықта кез келген жеке немесе
заңды тұлға, Қазақстан резиденті немесе резиденті емес сатып ала
алады.
"Bank RBK" Банкі" АҚ KZ1P35450116 (INBNp) жай акциялары KASE ресми
тізіміне екінші санат бойынша енгізілген.