"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-пен сомасы $252 млн несиелік келісіміне қол қойды

17.08.12 17:49
/KASE, 17.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана), 2012 жылдың 17 тамызында биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы Бүгін Астана қаласында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) мен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС арасында Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойылды. Несие көлемі 252 млн. АҚШ долларын құрайды. Несие 13,5 жыл мерзімге беріледі. Несиелік келісімге ҚДБ тарапынан Басқарушы директор-Басқарма мүшесі Дәулетхан Қилыбаев, ал Атырау зауыты жағынан кәсіпорынның қаржылық директоры Лаззат Ақтаубаева қол қойды. "Мұнайды қайта өңдеу кешенінің құрылысың Қазақстанның даму банкі мемлекеттік Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қаржыландырады. Жалпы қазіргі кезде Банк қоржынына 26 ҮИИБ жобасы еңген. ҚДБ стратегиялық маңызы зор мұнайхимия саласындағы жобаларды әрі қарай қаржыландыруды жоспарлап отыр" - деп атап өтті "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарушы директоры- Басқарма мүшесі Дәулетхан Қилыбаев. Екі жақтын өкілдері қабылданған Несиелік келісім еліміздегі ең алғашқы мұнай өңдіру зауытын модернизациялауға бағытталған маңызды қадам деп бағалады. Сонымен қатар, Келісімге қол қою рәсіміне қатысушылар, 2010 жылының тамыз айында Атырау мұнай өңдеу зауыты басшылығы мен Қазақстанның Даму Банкі арасында Атырау иісті көмірсүтек өндіру жөніндегі құрылыс кешенің салу бойынша Бас несиелік келісімге қол қойылғаны түралы мөлімдеді. Банктің қаржылық көмегімен іске асырылатын Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы жобасы Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болып саналады. цитата соңы [2012-08-17]