/ҚАЙТАЛАУ/ 2012 жылдың 29 тамызынан бастап биржада "Жезқазған-эйр" Авиакомпаниясы" АҚ (Қазақстан) МАП сату бойынша сауда-саттықтар басталады

17.08.12 09:48
/KASE, 17.08.12, 15.08.12 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 29 тамызынан бастап "Bank RBK" Банкі" АҚ (Қазақстан) мемлекеттік акциялар пакеті (МАП) сату бойынша сауда- саттықтар басталатыны туралы хабарлайды Сауда-саттық бастамашысы – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. МАП сауда-саттығы бойынша өкілетті брокер – "CAIFC Investment Group" АҚ (Алматы). МАП 103 378 KZ1C22330019 жай акциясынан тұрады және сауда-саттықта бөлінбейтін лот ретінде NZ_ZHEZ кодымен саудаланады. Қазақстан Республикас Ұлттық Банкінің Қаржы ұйымдарын және қаржы нарығын бақылау мен реттеу комитетінің 2004 жылдың 07 шілдесінде "Жезқазған-эйр" Авиакомпаниясы" АҚ жарияланған акцияларының шығарылымыакциялары 103 378 KZ1C22330019 жай акциясы және 11 846 KZ1P22330115 артықшылықты акциясы болып бөлінген. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне шығарылым А2233 нөмірі бойынша енгізілген. МАП сату бойынша сауда-саттық 2012 жылдың 29 тамызынан бастап 30 желтоқсанына дейін үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен, Алматы уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін өткізіледі. Кепілдік жарна әр лотқа 20 675 600 теңге көлемінде белгіленген. Сауда-саттыққа қатысу үшін әлеуетті сатып алушы, сауда-саттық басталар алдында, KASE корреспонденттік шотына мынадай деректемелер бойынша: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасындағы # KZ86125KZT1001300137 корреспонденттік шоты, БСК NBRK KZ KX, БИН 931240000220, СТН 600200049149, Кбе 15, төлем мақсатының коды – 171 (GROSS-жүйесі бойынша). Сатып алушылар МАП бағасын қазақстандық теңгемен әр бір акцияға белгілеп, үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетуі тиіс. Сауда-саттық тәртібі "Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида" атты KASE ішкі құжаты http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекенжайы бойынша KASE веб-сайтында жарияланған. Сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесулер, http://www.kase.kz/files/normative_base/gpa.pdf мекенжайы бойынша KASE веб-сайтында жарияланған, "Мемлекеттік акциялар пакеті. Сауда-саттыққа жіберу және сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу тәртібі" атты KASE ішкі құжатының 7 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Аталмыш құжатқа сәйкес мәміле сомасын, KASE комиссиялық сыйақысын және алдында аударған (сауда-саттық басталап алдында МАП сатып алушысы KASE корреспонденттік шотына аударылатын) кепілдік жарнасын қоспағанда, МАП сатып алушысы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәміле жасалған күннен кейін жеті жұмыс күн аралығында аударуы тиіс. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек KASE қор нарығынының мүшелері ғана бере алады. Инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдерін береді. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық бастамашысы инвесторлар үшін ешқандай шектеулер қоймайды, демек, акцияларды сауда-саттықта кез келген жеке немесе заңды тұлға, Қазақстан резиденті немесе резиденті емес сатып ала алады. [2012-08-17]