ҚҰБ ҚҚК "АБДИ Компани" АҚ KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерді және толықтыруларды тіркеді

13.08.12 14:30
/KASE, 13.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АБДИ Компани" АҚ (Алматы), өзінің KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, ABDIb1; 10 000 теңге, 9,0 млрд теңге, 08.01.08 – 08.01.13; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,40 %; 30/360) шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулер мен толықтырулар көшірмесін және бұрын берілгеннің орнына, 2012 жылдың 03 тамызындағы бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитеті (ҚҰБ ҚҚК) аталған облигациялар шырғарылым аңдатпасына өзгертулерді және толықтыруларды тіркеді; - айтылмыш куәлік аталған облигациялардың айналыста болу мерзімінің өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - қамсыздандырылу түріне қарай облигациялар қамсыздандырылған болып табылады; - аталған облигациялардың айналыста болу мерзімі бес жылдан 19 жылға дейін өзгертілді; - аталған облигациялар шығарылымының ұлттық сәйкестендіру нөмірі KZ2C0Y05C804 нөмірінен KZ2C0Y19C805 деп өзгертілді; - аталған облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу тәртібі мен шарты өзгерді; - аталған облигациялар шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тіліміне С80 нөмірімен енгізілді. Аталмыш облигациялар шығарылымы аңдатпасына енгізілген өзгертулерлер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ABDI/abdif9b1_izm_030812.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.