АНОНС: 2012 жылдың 24 тамызында "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ акционерлеріне - жеке тұлғаларға арналған банктің акцияларын иеленуге қатысты жалпы мәселелер бойынша семинар өтеді
10.08.12 17:06
/KASE, 10.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE
немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ
(Алматы), Биржаға ақпараттық хабарлама жолдап, былай деп хабарлады:
"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) 2012 жылдың
24 тамызында сағат 11:00-де Алматы қ.,Абай даңғ., 109 "В", "Мәжіліс
залы" мекен-жайы бойынша Банктің акционерлері - жеке тұлғаларға арналған
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ акцияларын иеленудің және бағалы қағаздар
нарығының жалпы мәселелері бойынша Семинар (бұдан әрі - Семинар)
өтеді. Аталмыш семинар Банктің миноритарлы акционерлерін қор
нарығының негіздерімен, бағалы қағаздар айналысының және Банктің
акционерлерімен өзара қатынасуының тәртібімен таныстыру мақсатында
өткізілмек.
Семинарға қатысуға құқылы ационерлердің тізімі 2012 жылдың
01 шілдесіндегі "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің мәліметтері негізінде құрылды.
Семинарға қатысуға ниет білдірген акционерлерді тіркеу алматы уақытымен
сағат 10:00-де басталады. Тіркеу алматы уақытымен 10:45-те аяқталады.
Тіркеу Семинар өтетін мекен-жай бойынша жүргізіледі. Өзіңізбен бірге
жеке тұлғаңызға куәландыратын құжат болуы тиіс.
Акционерлерден Семинарға қатысу туралы ниеттерін "Қазақстан Халық
банкі" АҚ Топтың капиталын басқару департаментінің +7 (727) 330 10 91,
+7 (727) 259 05 99, +7 (727) 330 15 46, +7 (727) 244 76 94,
+7 (727) 330 12 07 телефондары бойынша алдын ала хабарлауларыңызды
сұраймыз.
Семинар өткізілгеннен кейін презентациялық материал Банктің
корпоративтік сайтында (www.halykbank.kz) жарияланады.
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ барлық акционерлер - жеке тұлғаларын
Семинарға қатысуға шақырамыз.