Fitch агенттігі "АТФБанк" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBb8) облигацияларына "BBB"/"AA+(kaz)" деңгейінде рейтингілік бағалаулар берді
10.08.12 17:09
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 09.08.12, ағылшын тілінен Fitch Ratings
аудармасы, орыс тілінен KASE аудармасы / – Fitch Ratings АТФБанктің,
көлемі 15 млрд. теңге, бес жылдық басымдық қамтамасыз етілмеген
облигацияларына ұлттық валютамен ұзақ мерзімді рейтингті "BBB" деңгейінде
және ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін "AA+(kaz)" деңгейінде растады.
Бес жылдық облигациялардың колл-опционы үш жылдан соң. Шығарылым
бойынша тиянақталған мөлшерлемесі жылдық 7% жарты жылдық купон
қарастырылған. Облигацияның шарттарында бақылаудың өзгеруі туралы
қағида бар, соның негізінде, UniCredit Bank Austria AG ("UCA") банктің
мажориттік пакетін бақылауды тоқтатқан жағдайда ұстаушылар өздерінің
облигацияларын мерзімнен бұрын өтелуін талап етуге құқық алады. Осы
кезде UCA 99,74% тиесілі.
2012 жылдың 1 шілдесіне АТФБанк Қазақстанның ең ірі банктерінің бесіншісі
болып мойындалды, банктік жүйе активтерінің 6,9% оның үлесінде. Банк, ең
бастысы, еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан, корпоративтік клиенттермен
жұмыс жүргізедіами. АТФБанктің түпкі меншіктенушісі UniCredit S.p.A болып
табылады.
Байланыстар:
Бірінші талдаушы
Аслан Тавитов
Кіші директор
+7 495 956 9901
Фитч Рейтингз СНГ Лтд
Валовая көш, 26
Мәскеу 115054
Екінші талдаушы
Антон Наберухин
Кіші директор
+7 495 956 9981
Комитет төрағасы
Джеймс Уотсон
Басқарушы директор
+7 495 956 9901
[2012-08-10]