KASE "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05C515 (KZ2C00000818, AGKKb1) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

10.08.12 12:20
/KASE, 10.08.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Индекстер мен бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2012 жылдың 10 тамызынан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZ2C0Y05C515 (KZ2C00000818, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты; AGKKb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 10.08.07 - 10.08.12; жылдық 7,90 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын айналымда болу мерзімінің аяқталуына байланысты KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2012 жылдың 10 тамызынан бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE 0,9997597 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, KASE_BC – 0,9998516, KASE_BY – 1,6076222. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі үшін (К) 0,9966559, KASE_BC үшін – 0,9950085 және KASE_BY үшін – 1,6074511 тең болған. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу жоғарыда аталған шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бұрын бұл тақырып бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05C515 (KZ2C00000818, AGKKb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды" атты KASE жаңалығы 2012 жылдың 10 тамызында http://www.kase.kz/news/show/1172182 мекен-жайы бойынша жарияланды. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2012-08-10]