"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) (KZ2C00000818, AGKKb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

10.08.12 11:13
/KASE, 10.08.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 10 тамызынан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05C515 (KZ2C00000818, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 10.08.07 – 10.08.12; мөлшерлемесі құбылмалы инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 7,90 %; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2007 жылдың 09 тамызынан бастап "А" категориясы бойынша енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына, ал 2009 жылдың 29 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы барқ борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2007 жылдың 27 тамызында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 7,70 және 17,50 % аралығында құбылды. 2010 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 202-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,003 %) және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде 157-ші жайғасымға иеленді (0,005 %). [2012-08-10]