"SAT & Company" АҚ Директорлар кеңесі өзінің 8,5 млн KZ1P54620110 (KZ1P00000566, SATCp) артықшылықты акцияларын, акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығын іске асыруын есепке ала отырып, әр акцияға 31,02 теңгеден, орналастыру туралы шешім қабылдады

09.08.12 10:19
/KASE, 16.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "SAT & Company" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп хабарлады: Директорлар кеңесі 2012 жылдың 03 тамызында, жалпы саны 8 523 365 дана, KZ1P54620110 артықшылықты акцияларын, акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығын іске асыруын есепке ала отырып, орналастыру туралы шешім қабылдады. Орналастыру бағасы бір акцияға 31,02 теңге. "SAT & Company" АҚ артықшылықты акцияларын сатып алуға өтінімдер "SAT & Company" АҚ кеңсесінде: Алматы қ., Мұқанов көш., 241, Заң департаменті мекен-жайы бойынша, тел. (727) 2 777 111, (ішкі. 272), сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (Алматы уақытымен) қабылданады, үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін. Компания акционерлері артықшылықты акцияларды сатып алуға өтінім беру мерзімі, осы ұсыныстың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен 30 күнтізбелік күн аралығында деп белгіленген. [2012-08-09]