"Казинвестбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

07.08.12 15:54
/KASE, 07.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казинвестбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - Банктің жарияланған акцияларының жалпы саны (тек KZ1C35620018, KZ000A1CTMP5 жай акциялары) 325 000 000 дана; - Банктің 91 665 162 акциясы орналастырылған; - Банк өзінің 551 519 акциясын кері сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген тұлғалар болып табылады: ---------------------------------------------------------------- Банктің орналастырылған Атауы, Жай акциялар, акцияларының жалпы аты-жөні дана санындағы үлесі, % -------------------------- ------------- ----------------------- Еуропалық қайта құрылымдау 22 700 000 24,76 және дамыту банкі Н.Д.Қаппаров 18 549 234* 20,24 Е.А.Досаев 15 798 708 17,24 Б.С.Қаниев 15 291 776 16,68 Ю.Э.Пак 11 935 528 13,02 CITIGROUP VENTURE CAPITAL 6 478 330 7,07 INTERNATIONAL G.P.L.P. ---------------------------------------------------------------- *Сенімді басқаруға берілген. [2012-08-07]