"Казкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің Басқармасының құрамы өзгергені туралы хабарлады

07.08.12 15:34
/KASE, 07.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған 2012 жылдың 06 тамызындағы баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы «Казкоммерцбанк» АҚ өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты 2012 жылғы 3 тамыздан бастап басқарушы директор Жумагулов Б.К.мырзаның банк басқармасының құрамынан шығатыны туралы хабарлайды. цитата соңы [2012-08-07]