"HOMEBROKER" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

07.08.12 15:04
/KASE, 07.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "HOMEBROKER" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "РЕЕСТР" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C50820014 жай акциясы) акцияларының жалпы саны 630 000 дана; - компанияның 325 310 акциясы орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "HOMEFINANCE" ЖШС (Алматы) болып табылады. [2012-08-07]