"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) Standard & Poor's агенттігі банктің рейтингілік бағалауларын растағаны туралы хабарлады

07.08.12 14:28
/KASE, 07.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған 2012 жылдың 02 тамызындағы баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: 2012 жылдың 02 тамызында Standard & Poor's халықаралық рейтингілік агенттік Еуразиялық банктің рейтингін "В+" деңгейінде растады, болжамы "тұрақты". Агенттіктің есебінде айтылғандай, Банктің ең мықты жақтары сектор бойынша орташа мәндерден төменірек деңгейдегі жұмыс істемейтін қарыздар үлесі, кірістер мен тәуекелдерді бағалаудың пара-пар тәсілдемесі мен кәсіби менеджмент болып табылады. 2011 жылдың 12 желтоқсанында Standard & Poor’s агенттігі Еуразиялық Банктің ұзақ мерзімді рейтингінің "B" деңгейінен, болжамы "Тұрақты" "B+" деңгейіне дейін, болжамы "Тұрақты" көтерілуі туралы хабарлады. Бұдан басқа, ұлттық шкала бойынша рейтинг толық үш нүктеге – "kzBB+" деңгейінен "kzBBB" деңгейіне дейін көтерілді. "Еуразиялық банк" АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 (727) 259 79 00 (3288) Inna.Dubrovina@eubank.kz www.eubank.kz [2012-08-07]