"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) Moody's Investors Service агенттігі банктің және оның облигацияларының рейтингілік бағалауларын растағаны туралы хабарлады

07.08.12 12:39
/KASE, 07.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 07 тамызында жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: 2012 жылдың 03 тамызында Moody`s Investors Service халықаралық рейтингілік агенттігі Еуразиялық банктің шетел валютасындағы банктік депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингін "В1" деңгейінде растады, болжамы "Негативті". Сондай-ақ агенттік Банктің қаржылық тұрақтылығының тәуелсіз рейтингін Е+ деңгейінде, шетел валютасындағы бантік депозиттердің қысқа мерзімді рейтингін Not Prime деңгейінді, жергілікті валютадағы артықшылықты қамтамасыз етілмеген борышының рейтингін "B1" деңгейінде және жергілікті валютадағы субординацияланған рейтингін "B2" деңгейінде растады. Агенттіктік есеп беруінде айтылғандай, Еуразиялық Банктің соңғы екі жеткен жетістіктері жылдағы кіріс және активтердің сапасын арттыру үдерісін көрсетеді. Сонымен қатар, агенттіктің айтуы бойынша Қазақстан экономикасында қалыптасқан қиын жағдай банктік активтердің орта мерзімді болашақтағы сапасын төмендетуге жеткізуі мүмкін. "Еуразиялық банк" АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 (727) 259 79 00 (3288) Inna.Dubrovina@eubank.kz www.eubank.kz [2012-08-07]