"Цеснабанк" АҚ KZP02Y07E081 (KZ2C00001816, TSBNb12) және KZP03Y07E089 (KZ2C00001824, TSBNb13)облигациялары 02 тамыздан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

02.08.12 17:04
/KASE, 02.08.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 31 шілдесіндегі шешімімен "Цеснабанк" АҚ (Алматы) келесі облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: - KZP02Y07E081 (KZ2C00001816; 1 теңге, 4,0 млрд теңге; 02.08.12 – 02.08.19, жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360); - KZP03Y07E089 (KZ2C00001824; 1 теңге, 6,0 млрд теңге; 02.08.12 – 02.08.19, жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360). Листингтік комиссияның бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2012 жылдың 01 тамызынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Цеснабанк" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілі "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай акцияларға TSBNb12 және TSBNb13 қысқартылған белгілері (сауда-саттық коды) берілді. Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/tsbn мекен-жайы бойынша 02 тамызда жарияланады.