2012 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығындағы кезеңде Қазақстан қор биржасындағы акциялар сауда-саттығының көлемі 17,7 % өсіп, 141,0 млрд теңгені ($954,0 млн) құрады

02.08.12 15:25
/KASE, 02.08.12/ – 2012 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығындағы кезеңде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялар сауда-саттығының көлемі 141,0 млрд теңгені (баламасы 954,0 млн АҚШ долларына тең) құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,7 % (16,1 % долларлық көрсетілімде) өсті. Алдыңғы жеті айлық кезеңмен (2011 жылдың маусым-желтоқсаны) салыстырғанда сауда-саттық көлемі 3,0 есе (3,0 есе долларлық көрсетілімде) өсті. Төмендегі кестеде 2012 жылы биржалық нарықтың аталған секторындағы сауда-саттық көлемі айларға бөлініп көрсетілген, сондай-ақ өткен жылдың тиісті кезеңіндегі салыстырмалы мәліметтері берілген (сатып алу – сату секторында акцияларды орналастыру бойынша мәмілелерді жасау мүмкін). ------------------------------------------------------------------------ Жылы, Орналастыру секторы Сатып алу-сату секторы* Барлығы* ------------------- ----------------------- ---------------- айы млрд KZT млн USD млрд KZT млн USD млрд KZT млн USD ----------- ---------- -------- ------------ ---------- -------- ------- 2012, I 0,2 1,4 5,9 39,5 6,1 40,9 2012, II 3,7 25,1 2,9 19,7 6,6 44,8 2012, III 0 0 2,5 16,9 2,5 16,9 2012, IV 0 0 96,5 654,4 96,5 654,4 2012, V 0 0 17,9 120,9 17,9 120,9 2012, VI 0 0 3,1 20,6 3,1 20,6 2012, VII 0 0 8,4 55,8 8,4 55,8 ----------- ---------- -------- ------------ ---------- -------- ------- Барлығы 3,9 26,5 137,2 927,8 141,0 954,3 ----------- ---------- -------- ------------ ---------- -------- ------- 2011, I–VІІ 0 0 119,9 821,8 119,9 821,8 тренд, % Х Х +14,4 +12,9 +17,7 +16,1 ------------------------------------------------------------------------ *репо операциялары нарығындағы мәмілелерді қоспағанда.