Еуразиялық даму банкі Қазақстандағы вагон жөндеу кешенінің құрылысын $56,0 млн қаржыландыруға несие шартына қол қойғаны туралы хабарлады

02.08.12 15:06
/KASE, 02.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, Биржаға 2012 жылдың 02 тамызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) "Вагон сервисінің орталығы - Ескене" ЖШС- імен Қазақстан Республикасының Атырау облысында жаңа вагон жөндеу кешенінің құрылысы жобасы аясында нсие шартына қол қойды. Жобада теміржол вагондарын, ең бастысы цистерналарды жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша әмбебап кешеннің құрылысы қарастырылған. Оны қаржыландыру аясында Банк 10 жылдық мерзімге 56 млн АҚШ долларын береді. Жобаның жалпы құны - 70 млн долларды құрайды. Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: Юлия Остроухова, +77019912843, Михаил Мзареулов, +7 9032446025 pressa@eabr.org