"Темірбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

02.08.12 10:49
/KASE, 02.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темірбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C00260014, KZ000A1CTM18 жай акцияларының жалпы саны 20 000 000 000 дана, KZ1P00260110, KZ000A1CTM26 артықшылықты акциялар саны – 5 000 000 дана; - банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - банк өзінің 1 119 130 артықшылықты акциясын қайта сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген тұлғалар болып табылады: ---------------------------------------------------------------------- Жай акциялары, ------------------------------ Барлығы осы атаудағы банктің орналастырылған орналастырылған акциялардың акцияларының жалпы жалпы санындағы санындағы Атауы дана үлесі, % үлесі% ----------------------- -------------- --------------- --------------- "Самұрық-Қазына" ұлттық 15 980 933 000 79,90* 79,88 әл-ауқат қоры" АҚ BANK OF NEW YORK 3 909 162 000 19,55* 19,54 MELLON ---------------------------------------------------------------------- * KASE осы үзінді көшірменің мәлімттері бойынша есептеп шығарған.