"KazTransCom" ақ (қазақстан) өзінің байланыс саласында қызмет көрсетуге лицензиясы қайта рәсімделгені туралы хабарлады

01.08.12 15:05
/KASE, 01.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "KazTransCom" АҚ (Алматы), Биржаға Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті 2012 жылдың 27 маусымында берген № 12005621 байланыс саласында қызмет көрсетуге лицензиясының көшірмесін тапсырды. "KazTransCom" АҚ берген ақпаратқа сәйкес, аталмыш лицензия Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс жөніндегі агенттігінің 2004 жылдың 14 қазанында берген № 000667 қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік іспен айналысуға лицензиясының орнына берілді.