"ҚАЗЭКСПОРТАСТЫқ Холдингі" АҚ өзінің KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASTb3) облигациялары бойынша 2-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

01.08.12 12:05
/KASE, 01.08.12/ – "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ (Астана) 2012 жылдың 31 шілдесінде өзінің KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KASTb3) облигациялары бойынша екінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 1 392 621 725 теңге құрады.