"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

01.08.12 11:43
/KASE, 01.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C57040012 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 3 500 000 000 дана; - компанияның 3 481 340 157 акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атынан Қазақстан Республикасы болып табылады.