"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

01.08.12 11:32
/KASE, 01.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған ( тек KZ1C23640010 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 50 289 005 дана; - компанияның 45 877 483 акциясы орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға және, тиісінше, жалғыз акционері "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" АҚ (Астана) болып табылады.