02 ТАМЫЗДА БИРЖАДА СЕГІЗІНШІ ШЫҒАРЫЛЫМНЫҢ МЕУКАМ-72 (KZKDKY060082) ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ҚАЙТАЛАМА АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕДІ

31.07.12 14:31
/KASE, 31.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 02 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (Алматы уақыты). --------------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУКАМ-72 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKDKY060082 Шығарылымның реттік саны: 8 / 72 KASE сауда-саттық коды: MUM72_0008 Номиналды құны, теңгемен: 1 000,00 Айналыстағы облигациялар көлемі, дана: 16 383 333 Төлеу күні: 02.08.12 Айналысқа жіберу күні: 13.06.12 Айналыста болудың соңғы күні: 12.06.18 Өтеу күні: 13.06.18 Айналыста болу мерзімі: 6 жыл (2 160 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 4,48 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купонды төлеу күні: жыл сайын 13 маусымда Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ -------------------------- Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 10 000 000 Сауда-саттық заты: облигацияның "таза" бағасы Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Төлеу уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша --------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде көрсетілген облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есептемегенде) төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде белгіленген уақытқа дейін, "Бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта, (бастапқы дилерлердің берген және KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Берілген өтінімдерді толық көлемде немесе ішінара қанағаттандыру барысында тиісінше сома Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес төленуі қажет. Осы Ережелердің мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. KASE еске салады, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 61 "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 29 қазанындағы № 170 "Бағалы қағаздармен және басқа да қаржылық құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін атқару ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы сәйкес, 2012 жылдың 15 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының сауда-саттығында олардың алғашқы орналастырылуы барысында өтінімдерді тек екінші деңгейлі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін инвестициялық басқарумен айналысатын ұйымдар болып табылатын KASE қор нарығының мүшелері ғана қатысады. Бұл ретте екінші деңгейлі банктер екінші деңгейлі банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, "өмірді сақтандыру" саласында лицензиясы бар сақтандыру ұйымы немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйым болып табылатын клиенттердің есебінен және мүддесі үшін ғана тапсырмалар бойынша мәмілелер жасай алады. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқарумен айналысатын ұйымдар сауда-саттықтарға жинақтаушы зейнетақы қорларының есебінен және мүдделері үшін қатысады. Бағалы қағаздармен және басқа да қаржылық құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін атқару ережелердің жаңа редакциядағы мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/post_170.pdf мекен-жайы бойынша жақын арада жарияланады.