30 шілдеде биржада "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларын сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізілмеді деп жарияланды

30.07.12 17:43
/KASE, 30.07.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE немесе Биржа) "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге; 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,75 %; 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізілгенін хабарлайды. Сауда-саттықта эмитент 3 853 000 KZ2CKY23B672 облигациясын сатып алуды жоспарлаған (осы шығарылымның орналастырылған облигацияларының 13,0 % пайызы). Сауда-саттық мәні үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" (жиналған мүддені есептемегенде) болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданды. Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатып алушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсы өтінімдердің бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар 10 406 000 облигацияны сатып алуға үш өтінім жасады. Өтінімдер кезеңінің аяқталу сәтінде барлық өтінімдер белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы ұсыныс сұраныстан 2,7 есе асып түсті. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 83,6016 % (жылдық 11,0 %) және 100,00 % (жылдық 8,7 %) деңгейінде болды. Орташа сараланған "таза" баға 91,6672 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 9,8 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлеміндегі зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесі - 94,8 %, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесі – 5,2 %. Сатып алуға өтінімдердің жиынтық тізімдемесінің мәліметтерін қарастырып, ұсынылған баға күткен бағадан жоғары болуы себебінен, эмитент осы арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілмеді деп жариялады.