"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

30.07.12 17:46
/KASE, 30.07.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "РЕЕСТР" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C45320013, KZ1С00000637 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 2 906 200 дана; - компанияның 2 892 000 акциясы орналастырылған; - компания өзінің 249 990 жай акциясын қайта сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атынан Қазақстан Республикасы болып табылады, оның компанияның 2 642 000 акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 91,36 %) бар.