АНОНС: 2012 жылдың 01 тамызында KASE "Халықтық ІРО" бағдарламасы аясында брокерлік компанияларға арнап семинар өткізеді

31.07.12 09:44
/KASE, 31.07.12, 27.07.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2012 жылдың 01 тамызында сағат 10:00-ден бастап "Халықтық ІРО" бағдарламасы аясында брокерлік компаниялардың - KASE қор нарығының мүшелеріне арнап семинар өткізеді. Семинарда KASE сауда-саттық жүйесі арқылы жазылым өткізу мәселелері талқыланады. Оған қоса, "Қазкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Қазкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) өкілі семинар аясында ұйымдастырылған нарықта "Халықтық ІРО" өткізудің жалпы тәртібімен таныстырып өтеді, ал KASE мамандары биржаның жүйесін пайдалана отырып өтінімдер кітапшасын жасаудың ерекшеліктерін түсіндіреді. Семинар KASE мәжіліс залында Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" КҚК, солтүстік мұнара, 8-ші қабат мекен-жайы бойынша өтеді. Шараға қатысу тегін. pr@kase.kz мекен-жайы бойынша 25 шілдеге дейін тіркелуге болады. Биржа "Халықтық ІРО" бағдарламасының дайындалу және өткізілу кезеңінде қор нарығының барлық қызығушылық танытқан кәсіпқой қатысушыларына ақпарат жеткізу мақсатында үнемі оқыту семинарларын өткізіп отыруды жоспарлауда. Осы тақырыптағы алғашқы семинар 2012 жылдың 27 шілдесінде өткізілді.