"Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
30.07.12 17:02
/KASE, 30.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қарағанды обл.,
Жәйрем елді-мекені, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Тіркеуші компаниясы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C13590019 жай акцияларының жалпы
саны 3 783 460 дана, артықшылықты KZ1P13590115 акциялар саны –
9 689 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
ENRC N.V. (Амстердам, Нидерландылар Корольдігі), болып табылады,
оның иелігінде компанияның 3 787 062 акциясы (компанияның
орналыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,84 %), соның
ішінде компанияның барлық жай және 3 602 артықшылықты акциясы
(компанияның орналыстырылған артықшылық акцияларының жалпы
санынан 37,18 %) бар.