"ЭКОТОН+" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y14C210 (KZ2C00001287, EKTNb1) облигациялары бойынша 13-ші купонын төлеуі және қарызын ішінара өтегені туралы хабарлады

30.07.12 11:56
/KASE, 30.07.12/ – "ЭКОТОН+" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 02 шілдесінен 13 шілдесіне дейін өзінің KZ2C0Y14C210 (KZ2C00001287, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, EKTNb1; 100 теңге, 1,0 млрд теңге; 16.10.06 – 16.08.20, тоқсандық купон жылдық 10,00 %; 30/360) облигациялары бойынша он үшінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE немесе Биржа) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 24 597 500,00 теңге құрады. Сондай-ақ, "ЭКОТОН+" АҚ өз хатында 5 089 595,00 теңге сомасындағы қарызын төлегені туралы хабарлады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және Биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, Биржаға ресми хат жолдауы тиіс.