"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) 27 шілде күні Қазақстан қор биржасында өзінің 8,1 млн KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBb8) облигацияларын жылдық 8,5 %-бен қосымша орналастырды
27.07.12 18:04
/KASE, 27.07.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Сауда-саттық
жүйесінде "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, KASE
ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты,
ATFBb8; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.17; жарты жылдық
купон жылдық 7,00 %; 30/360) облигацияларын қосымша орналастыру
бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "VISOR Capital"
(ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болды.
Эмитент сауда-саттықта 9 087 907 KZ2C0Y05E271 облигациясын
(тіркелген облигацияларының жалпы санынан 60,5 %) орналастыруға
ұсынды.
Қосымша орналастырылатын облигациялардың құны ("таза" құны)
94,0339 % (сатып алушы үшін өтеуіне жылдық 8,5 %) деңгейінде
белгіленді.
Қосымша орналастыруға өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен
(ALT) 15:30 бастап 16:30 дейін берілді. Саудалануға тек нарықтық
өтінімдер қабылданды. Барлығынан бұрын берілген өтінімдер бірінші
қанағаттандырылып отырды. Есептесу сызбасы – Т+0.
Сауда-саттыққа 8 061 016 облигация сатып алуға төрт өтінім берген,
төрт KASE мүшесі қатысты (ұсыныстан 88,7 %).
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 21,1 % зейнетақы нарығы
субъектілерінің үлесіне, 0,05 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың,
78,9 % брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесіне тиді.
Саудаласу нәтижесі бойынша эмитент берілген өтінімдерді толық
қанағаттандырды. Бұл ретте, тарту сомасы 7 608 301 280,43 теңгені
құрды.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері
бойынша осы ақпаратты жариялау сәтінде барлық мәмілелер орындалды.
Бүгінгі екі сауда-саттықта тартылған соманың жалпы көлемі
13 188 365 225,46 теңгені (баламасы ағымдағы биржа бағамы бойынша
87 963 484,46 АҚШ долларын) құрады.
Екі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша орналастырылған облигациялардың
97,3 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,1 % - брокерлік-
дилерлік компаниялардың, 2,6 % брокерлік-дилерлік компаниялар
клиенттерінің үлесіне тиді.
Эмитент бүгінгі сауда-саттық барысында орналастырылмаған
1 026 891 дана көлеміндегі облигацияны келесі аптада орналастыруды
жоспарлап отыр. Қайталама сауда-саттықтың күні мен шарттары
туралы қосымша хабарланады.