"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 4-ші купонын уақытылы төлемегені үшін үстемақысын жартылай төлегені туралы хабарлады

27.06.12 16:05
/KASE, 27.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізмінде тұрған "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан әрі – "ДТЖ" АҚ) 2012 жылдың 25 маусымында облигациялар (ҰСН KZ2CKY23B672) ұстаушыларына 4-ші купондық кезеңге сыйақы төлеу бойынша сомасы 8 099 563,30 теңге үстемақысын төлегені туралы хабарлайды.