KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) өзінің 2011 жылдың және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша сатып алуларындағы қазақстандық үлес туралы хабарлады

26.07.12 18:00
/KASE, 26.07.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), Биржаға 2012 жылдың 26 шілдесіндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Бүгін тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі "Қазақстандікін жасаймыз" атты ІІІ Форум өз жұмысын бастады. Екі күндік форумның ұйымдастырушысы болып табылып отырған – Қазақмыс Тобы. Форумға қатысатындар: халықаралық және отандық өндіріс кәсіпорындарының өкілдері, профильдік мемлекеттік ведомстволар мен дамыту институттарының өкілдері, сондай-ақ өндіруші ірі компаниялар. Форумның мақсаты – өзара ықпалдастық, өнімдерді жеткізу, технологиялар трансферті, шетелдік технологиялардың қатыстырылуымен өндірістерді ықшамдау мәселелерін талқылау жөнінде ірі өнеркәсіптік корпорациялардың өкілдері, отандық және шетелдік өнім өндірушілер арасында сұхбаттастық алаңын қалыптастыру. Форумның барысында бірқатар келісімдерге қол қою және Қазақмыс Тобының үздік серіктестерін наградтау жоспарланды. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақмыс Тобы 86,6 млрд.теңге сомасына тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алған, соның ішінде 62,1 млрд,теңге сомасына тауарлар сатылып алынған және жұмыстар мен қызметтерге 24,5 млрд. теңге жұмсаған. Оның 37,7 млрд.теңгесі (СТ-КZ сертификатын ескергенде) қазақстандық кәсіпорындардан сатып алу көлемінің еншісінде, яғни пайыздық көрсеткіші жалпы сатып алулардың 44 пайызына тең келіп отыр. Сонымен қоса, CT-KZ сертификаттары ресімделген қазақстан жасап шығарған тауарлар 13,3 млрд.теңге сомасына (22 пайыз), жұмыстар мен қызметтер 24,4 млрд.теңге сомасына (99 пайыз) сатылып алынған. 2011 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Қазақмыс Тобы 195 млрд.теңге сомасына тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алған, соның ішінде 117 млрд.теңге сомасына тауарлар сатылып алынған және жұмыстар мен қызметтерге 78 млрд. теңге жұмсалған. Оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттерінен сатып алу көлемі 168 млрд. теңгені құрап, жалпы сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің көлемінің 86 пайызын құраған, десек те, импорттың үлесі небары 14 пайызға жеткен (27 млрд. теңге). Бұл ретте, CT-KZ сертификаттары ресімделген қазақстан жасап шығарған тауарлар 34,8 млрд.теңге сомасына (29,9 пайыз), жұмыстар мен қызметтер 78 млрд.теңге сомасына (99,2 пайыз) сатылып алынған. Үстіміздегі жылдың шілде айында Тау-кен металлургия өнеркәсібінің 3-ші конгресінде "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС қазақстандық үлесті дамытып келе жатқан жыл көшбастаушысы ретінде ұлттық "Алтын Гефест" салалық сыйлығымен наградталған болатын. "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС басқармасының төрағасы Эдуард Огай өз сөзінде – "Біз өткен жылдардағыдай, осы жылы да форумды өткізуден игілікті нәтиже алуға үміттіміз. Біздің өндірістік қызметіміздегі қазақстандық кәсіпорындардың қатысу үлесінің жыл сайынғы артуын көзбен көру ерекше мәртебе, өйткені, бұл – Елбасының алдымызға қойған міндеттерін орындап шығуға арнаған Топтың екпінді еңбегінің нәтижесі". цитата соңы