KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) өзінің 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің өндірістік нәтижелерін жариялады

26.07.12 17:32
/KASE, 26.07.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), Биржаға 2012 жылдың 26 шілдесіндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Бүгін Қазақмыс 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы және екінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелерін жария етті. Бірінші жарты жылдық ішінде меншікті концентраттан алынатын катодты теңгерімдегі мыс өндірісі 135 мың тоннаны құрады. Екінші тоқсанда, бірінші тоқсанның көрсеткіштеріне жағымсыз ықпалын тигізген ауа-райының жақсаруына, сонымен қатар, осы жылдың маусым айында Қоңырат кенішіндегі жұмыстардың қайта басталуына байланысты, кен өндіру артып отыр. Өндірілген кендегі мыстың құрамдылығы 2012 жылға межеленген 285-тен 295 мың тоннаға дейінгі жоспарлы өндіріске қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірінші жартыжылдық ішінде концетраттағы мырыш өндірісі шамамен 72 мың тоннаны, ал күміс пен алтынның өндірісі – сәйкесінше 5,6 млн және 52,6 мың унцияны құрап, бұлар да жылдық жоспарға сай келіп отыр. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті нарықтағы электр энергиясына деген тұрақты сұраныс Екібастұз ГРЭС-1 станциясындағы өндірілімнің 10 пайызға артуына, сонымен қатар, өткен 2011 жылдағымен салыстырғанда, қазақстандық тұтынушыларға сатылу көлемдерінің 23 пайызға артуына апарды. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында ЕГРЭС-1 станциясында өндіріліп шығарылған электр энергиясы көлемі 7057 Гвтсағатқа жетті. Қазақмыс Тобының басқарушы Бас директоры Олег Новачук өз сөзінде: "Жыл басындағы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, біз кен өндіру ісін арттыруды жалғастырып келеміз. Көрсеткіштеріміз жыл басында белгіленген өндірістік жоспарымызға сай келеді. Энергетикалық бөлімше тиімді операциялық қызмет пен қазақстандық нарықтағы электр энергиясына деген сұранысты көрсететін жағымды динамика көрсетіп келеді". цитата соңы