"Қазақстанның ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық істері агенттігіне компанияның 41,36 % акция пакетін иелену және пайдалану құқығын бергені туралы хабарлады

26.07.12 17:08
/KASE, 26.07.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы, бұдан әрі– Компания), Биржаға ресми хат жолдап, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 23 қазанындағы "Кейбір акционерлік қоғамдардың акция пакеттерін мемлекеттік органдарға сенімді басқаруға беру және иелену және пайдалану құқығын беру туралы" № 1224 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық істері агенттігіне Компанияның 1 202 004 (бір миллион екі жүз екі мың төрт) дана акция мөлшеріндегі, яғни Компанияның жарияланған акцияларының жалпы санының 41,36 пайызын құрайтын акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын берді" деп хабарлады.