2012 жылдың 26 шілдесінен бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

26.07.12 11:44
/KASE, 26.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2012 жылдың 25 шілдесінен бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 1, 14 және 30 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "Еуразиялық банк" АҚ (Астана) KZ2CKY07B915 (KZ2C00001162, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, EUBNb3; 100 теңге, 10,0 млрд теңге, 05.04.06 – 05.04.13; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,90 %; 30/360) облигациялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_EUBNb3_001, R_EUBNb3_014 және R_EUBNb3_030 кодтары берілді.