/ҚАЙТАЛАУ/ 25 ШІЛДЕДЕ БИРЖАДА "ҚАЗИНВЕСТБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C35620018 (KZ000A1CTMP5, KIBN) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

24.07.12 12:51
/KASE, 24.07.12, 16.07.12 жаңалықты қайталау/ – 2012 жылдың 25 шілдесінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазинвестбанк" АҚ (Алматы) KZ1C35620018 (KZ000A1CTMP5, KASE ресми тізімі, үшінші санат, KIBN) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. "Қазинвестбанк" АҚ жарияланған жай акцияларының жалпы саны 350 000 000 дананы құрайды, оның ішінде 91 665 162 данасы орналастырылды. Орналастыруға берілген көлемі 5 880 000 акцияны құрайды (орналастырылған акциялардың жалпы санының 6,4 %). Сауда-саттықта сатушы "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ болады. Сауда-саттықтағы минималды лоттың көлемі 294 000 акцияны құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 15:00 бастап 15:15 дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – KIBN. Сатып алушы кесімді бағаны 16:30 ALT дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес 2012 жылдың 30 шілдесінде (Т+3) жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік есеп-шотында есептесу күнінің болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сатушы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ тиісінше шотында бағалы қағаздардың 11:30 ALT болуын қамтамасыз етуге тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бір жай акцияның бағасы теңгемен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны сатылатын акциялардың санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі сатылатын акциялардың бір акцияның бағасына көбейтіндісіне тең болуы тиіс. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсы өтінімдердің бағалары бойынша. Эмитент бағасы кесімді бағаға тең немесе бағасы одан жоғары өтінімдердің барлығын қанағаттандыра алады. Сауда-саттыққа қатысуға тек (Биржада айналымға (сауда-сатыққа) жіберілген бағалы қағаздармен сауда-саттыққа қатысуға құқылы) KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/shares/show/kibn мекен-жайы бойынша жарияланған.