Биржаға қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша бағалы қағаздар нарығында клиринг қызметін жүзеге асыруға лицензия берілді

24.07.12 12:17
/KASE, 24.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі комитеті Төрағасының 2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 99 бұйрығымен Биржаға бағалы қағаздар нарығында қызмет етуге 2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 4.2.3/1 лицензиясы рәсімделді деп мәлімдейді. Осы лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын береді: - бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметі; - бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі. Осы ретте биржа уәкілетті органға 2004 жылдың 02 ақпанындағы № 0409200037 бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүргізуге лицензиясын қайтарды.