"Павлодар Электржелісін Тарату Компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

23.07.12 15:45
/KASE, 23.07.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Павлодар Электржелісін Тарату Компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "ҚАЗРЕЕСТР" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C33660016, KZ000A1CTMY7 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 12 098 400 дана; - компанияның 11 131 000 акциясы орналастырылды; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Павлодар) болып табылады, оның иелігінде компанияның 11 130 897 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,999 %) бар.