"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

23.07.12 15:42
/KASE, 23.07.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Павлодар, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "ҚАЗРЕЕСТР" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C49190016, KZ1С00000611 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 200 000 000 дана; - компанияның 158 599 957 акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Орта Азиялық электрэнергетикалық корпорациясы" АҚ (Алматы) болып табылады.