"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

23.07.12 15:18
/KASE, 23.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ""БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы"БТА Ипотека" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған (тек KZ1C44010011 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 280 000 000 дана; - банктің 55 000 000 жай акциясы орналастырылған; - банктің жалғыз акционері, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банк" АҚ (Алматы).