"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атомдық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

23.07.12 12:57
/KASE, 23.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атомдық компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C35200019 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 36 692 361 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады.