"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Қазақстан) өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

23.07.12 12:44
/KASE, 23.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банк тіркеушісі "РЕЕСТР" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының (тек KZ1C37080013 жай акцияларының) жалпы саны 18 000 000 дана; - банктің 10 000 038 акциясы орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Сбербанк России" ААҚ (Мәскеу) болып табылады, оның иелігінде банктің 9 999 765 жай акциясы (банктің орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,997 %) бар.